Негізгі бет

Сайт картасы

Түркістан картасы

Түркістан тарихы

Рухани Туризм

Түркістан халық саны

Тарихи-мемориалды мұражайлар

Фотогалерея

 
 

 

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР ҚАЛА

         Түркістан қаласының бүгінгі келісті келбетіне, сәнді салтанатына, оның рухани бағыт-бағдары мен ізгі дәстүрлеріне көз қуанып, көңіліңіз марқайып, тарих тереңіне бойлауыңыз сөзсіз. Ашық аспан астындағы көптеген ескерткіштері арқылы қаланың ауасына тұнып тұрған халқымыздың тарихи жады санамызға сіңіп, өткен күннің сырлы да мұнды, асқақ та айбынды шежіресіне жетелейді.        

      Түркістан тарихы-тамыры терең тарих. Қала айналасындағы аймақта табылған тас дәуірінің ескерткіштері алғашқы адам бұл жерді 500 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетіп отыр. Қала төңірегінен қола дәуірінің қоныстары мен құрал-саймандарының көптеп табылуы б.з.б. 2 мың жылдықтан бастап бұл аймақта Қазақстанның басқа жерлеріндегідей "Андронов мәдениеті" деп аталатын көшпелі-отырықшы тайпалардың мәдениеті кең тарағанын дәлелдеп отыр.

     Кейінгі дәуірлерде Түркістан қаласы орналасқан Сырдың орта ағысы аймағын көне парсы деректерінде "сака" деп атаса, ең көне жазба ескерткіштерінің бірі "Авеста" кітабында бұл жерлерді "тура" тайпалары мекендегенін жазады. Осыдан келіп, сақ , тұр тайпалары мекендеген өлке "Тұран" деп аталған. Түркістан қаласының әуелгі атауы осы сақ тайпасының атауымен байланысты. XVII ғасырдың белгілі тарихшысы Махмуд-ибн Уалидің "Қазіргі Түркістан, бұл Сакси қаласы, қара халық оны Иасы деп атайды"-деген сөзі бұл пікірімізді куаттайды.

         Ертедегі Сакси-Иасының орны қазіргі Күлтөбе деп аталатын ескерткішпен байланыстырылады. Ал, қала төңірегінде біздің заманымыздың басында негізі қаланған Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық , Төрткүл төбе деп аталатын қоныс-қалашықтардың орны бар.1103 жылы Испиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген Ахмет жастайынан ғылым-білімге құмар болып өседі. Сол кездегі ғылыммен өнердің ірі орталығы саналатын Бұхара шаһарында жан-жақты білім алып, діни оқудың шыңына шығады. Оның бүкіл дүниетанымы ислам дінінің сопылық ағымын дамытуға бағытталды. Көк Тәңірісіне табынған түркі халықтарының наным-сенімі мен салт-дәстүрлерін Құран қағидаларымен ұштастыру арқылы ол түркі халықтарының арасында ислам дінінің орнығуына өлшеусіз ықпал жасады. Өзінің дүниетанымдық жүйесін "Диуани хикмет" (Даналық кітабы) атты жинағында топтаған.

         Пайғамбар жасына жеткенде жер басып, Күн мен Айды көріп жүрмекті өз басына күнә санап, қылует тереңінде тірлік кешкен ғүлама ойшыл ахиреттік сапарға аттанған соң, араға екі ғасыр уақыт салып Әмір Темір қарапайым кесененің орнына қазіргі зәулім ғимаратты орнатты. Бұл кешен-аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені-46,5 метр, ұзындығы-65 метр.

                                                                        Кесененің орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Әулиенің қабірханасы бүкіл қүрылыстың негізгі орталығы болып саналады. Кесененің орталық залы-Қазандық (жамағатхана). Төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген. Күмбездің ішкі диаметрі-18,2, сыртқы диаметрі-20,5 метр. Бұл залдың аты осы жерде орналасқан қола қазанмен байланысты. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы-3 мың литр, диаметрі-2,45 метр. Қазан Әмір Темірдің бұйрығымен жасалынып, кесенеге сыйға тартылған. Қазан Түркістан қаласынан 25 шақырым жердегі Қарнақта 1399 жылы құйылған. Оны құйған шебер Әбділ Әзиз Шарафуддин ұлы Тебризи. Бұл ритуалдық Қазанға ілгеріде су толтырылып, жұма намазынан соң қасиетті су ретінде зиярат етушілерге таратылған. Кесене құрылысының асқақтығы және алып күмбез астында орналасқан ғажап қазан келген адамдардың барлығына ерекше әсер етеді. Ортағасырлық қолөнер мен қола құю өнерінің осы бір қайталанбас ұлы туындысы, ғасырлар бойында ғалымдар назарын өзіне аударып, ондаған арнайы зерттеулерден тұратын бай библиографияның түзілуіне себеп болды. Мұның нәтижесінде Қазанның бай эпиграфиялық өрнегінің оқылуы мен мазмұнында ешбір талас туғызар нүктесі де қалған жоқ . Бұл үздік туындының шығыс өнері тарихындағы алатын орны да бағаланып, белгіленді.

        Кесененің солтүстік-батыс бөлігіне Мешіт бөлмесі орналасқан. Мешіт бөлмесінің батыс жақ қабырғасында михрабы бар. Михрабтың ені-2,5, биіктігі -3,5 метр. Михраб-Меккедегі Қағбаға сілтеме көрсететін қабырғадағы жебе ұшты аркасы бар ойық . Мешіт бөлмесінде жұма намазы оқылған. Ғимараттың оңтүстікбатыс бөлігіне орналасқан асханада халім ботқасы дайындалып, тағам кембағалдарға үлестірілген. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Құдықхана бөлмесі, солтүстік-батыс бөлігінде Үлкен және Кіші Ақсарай бөлмелері орналасқан. Бұл бөлмелер алғашқыда сопылардың, дәруіштердің жиналатын жері болса, XVI ғасырдың соңынан бастап, Үлкен Ақсарай қазақ хандарының резиденциясы қызметін атқарды. Кіші Ақсарай бөлмесі қабылдау бөлмесі ретінде пайдаланылған. Кесененің бірінші және екінші қабаттарына кітапхана және 20-дан астам құжыра бөлмелері орналасқан.1579 жылы Иасы қаласы Хақназар ханның иелігіне өтіп, қазақ хандығының астанасына айналды.   

        Шығай ханның ұлы Есім хан Түркістан қаласың қазак хандығының астанасы етіп, біржолата бекітеді және өз билігінің тәуелсіз екендігін көрсету үшін осы қалада ақша соқтыра бастайды. Есім хан Сыр бойындағы қалаларды өзіне қаратып, хандықтың іргесін нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. Сөйтіп, Түркістанда қазақтың Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Батыр, Қайып, Әбілқайыр, Сәмеке, Әбілмәмбет, Сейіт, Болат, Абылай сияқты хандары билік құрды.

 ТҮРКІСТАННЫҢ БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ

        Онтүстік Қазақстан облысының орталығынан 170 км қашықтыққа орналасқан, шығысында тарихи Отырар, солтүстігінде-Кентау қаласы, Созақ ауданы, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған аудандарымен шектесіп жатқан Түркістан қаласының әкімшілік аумағы 9,4 мың шаршы шақырымға жетеді. Қалада 200 мыңға жуық халық тұрады, құрамына 11 ауыл округі мен қалалық 4 шағын аудан кіреді. Қалада 46 ұлт өкіддері тұрады. Қала халықаралық көлік қатьнастарының бойына орналасқан. Орынбор-Ташкент теміржол магистралі өтетін қалада жергілікті 60 км темір жол торабы, 597 км автокөлік жолы бар. Қаланы Шымкент-Самара автомагистралы кесіп өтеді.

                                                                    

Жер бедеріне қарай аудан Тұран ойпатының оңтүстік-шығысындағы саздақты-шөлді алқабына орналасқан. Пайдалы қазбалардан құрылыска жарамды тас, әк, мәрмәр кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы жұмсақ. Жері негізінен сұр топырақты. Арша, боз, бетеге, жусан, ебелек, ізен, ырғай, итмұрын, тобылғы, жыңғыл тобы

 
   
Hosted by uCoz