Арыстан Баб
Аңыз
бойынша, Арыстан Баб Мұхаммед пайғамбардың шәкірті
болған. Бірде, Мұхамед пайғамбар шәкірттерімен бірге
құрма жеп отырады. Құрманың біреуі қайта-қайта
табақтан түсіп қала береді. Сол кезде пайғамбарға
Алладан "Бұл құрма сізден кейін 400 жылдан соң
дүниеге келетін Ахмет деген мұсылман баласына
арналған" деген аян келеді. Сонда Пайғамбар
шәкірттерінен бұл құрманы болашақ иесіне кім
жеткізетінін сұрайды. Ешкім жауап бермейді.
Пайғамбар қайтадан сұрайды. Сол кезде Арыстан Баб
былай беп жауап берген екен:"Егер Алладан 400 жыл
өмір сұрап әперсеңіз, мен жеткізер едім" дейді.
Деректі қолжазбалар мен аңыз әңгімелерге қарағанда
Арыстан Баб 400 жылдан соң Қожа Ахмет Иассаудың
ұстазы болады. Қазіргі уақытта Арыстан Баб
мазаратының орнында үлкен кесене орналасқан. Тарихи
деректер бойынша бұл кесене XII - XVIII ғасырларда
салынып бірнеше рет жөнделіп, қайта салынған.