Жылаған Ата
Қарнақ
ауылынан өтіп Үкаша Ата кесенесіне зиярат қылғаннан
кейін батысқа қарай жүретін болсаңыз Жылаған ата
үңгіріне баруға болады. Аңыз әңгімелер бойынша Жылыған
ата бұл үңгірде әлі күнге дейін өмір сүреді.Үңгірге
барар жолда тау басында құдық орналасқан. Құдықтың
айналасындаға тастарда үлкен адамның іздері және терең
шатқалдар бар. Үңгірдің өзі суы бар терең ойпаттан
тұрады. Үңгірдің оң жағында кішігірім кесене - сопа
салынған. Аңыз әңгімелер бойынша осы сопада түнеген
құрсақ көтермеген әйел нәрестелі болады екен. Үңгірдің
аузы кішкентай өзеннен
15 метр
биікте орналасқан. Өзеннің аты да "Жылаған ата" деп
аталады. Шатқалдың оң жақ жоғарғы тұсынан тастың
арасынан шығатын бұлақ бар. Жергілікті халықтың айтуы
бойынша бұл Жылаған атаның аққан көз жасы деседі.
|